Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Кампуста жасыл орта құру бойынша байқау

Қозыбаев университеті мен тұрақты даму кеңесінің АББҰ «Назарбаев Университеті» және «Шеврон Мұнайгаз ИНК» компаниясымен бірлесіп, университет қалашығының тұрақты дамуы үшін «Sustainability Living Lab: Outreach» бағдарламасы аясында жобалар байқауын жариялады.

Жобаны іске асыруға 700 000 теңгенің көлемінде қаражат бөлінді. 

Өткен аптада конкурстық комиссияның онлайн-отырысы өтті.

Байқауға 4️⃣ өтінім келіп түсті, соның ішінде 3 жобаны  біздің факультет студенттері қорғады.
1. Есім Шакиза, ☘️«Выращивание микрозелени в кампусе» жобасы;
2. Сейтқасымова Сымбат, «Табиғи шоколадты паста өнімі» жобасы;
3. Сайлаубай Ақтоты, ????«Екінші реттік шикізаттан толықтырғыштармен байытылған сусын жасау технологиясы» жобасы.

Жобалар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- Егер жоба сәтті болса, университеттің «жасыл күн тәртібі» туралы ақпарат артады.
- Кампусқа әсері: жоба кампусты жағымды / жасыл / әсерлі жерге айналдырады.
- Жобаның тұрақтылығы: жоба ұзақ уақыт бойы университеттен қосымша ресурстарсыз жұмыс істейді.
- Студенттердің қатысуы: жобаға көптеген студенттер қатысады.
- Карантин кезінде жобаның жүзеге асырылу қарқындылығы: жобаны қашықтан орындауға бола ма немесе Sceleton staff командасының құрамында болу.

Ұсынылған өтінімдердің жоғары практикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, конкурсты ұйымдастырушылар бірауыздан барлық ұсынылған жобаларға қаражат бөлуге шешім қабылдады.



18.05.2021