Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» конкурсы

ҚР Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 12-30 мамыр аралығында онлайн форматта «Контрафакт» республикалық акциясын өткізеді.

Акция аясында ағымдағы жылдың 12-30 мамыр аралығында 14 жас және одан жоғары жас санаты арасында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында үздік ұранға республикалық конкурс өткізу көзделген. Конкурстың жүлделі орнына сый ретінде планшет жарияланды.

Сұрақтар бойынша 8(7152)33-39-63, 8-777-283-29-92 (СҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі) телефондары бойынша хабарласуға болады.

Конкурс туралы ереже

 

 

17.05.2021