Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Бейбітшілік көгершіні

5 мамырдан бастап Агротехнологиялық факультетте «Бейбітшілік Көгершіні» акциясы басталды, оған қызметкерлер, ПОҚ және студенттер қосылды. Бұл акция – біздің болашағымызды өзгертіп, бүгінімізді сыйлағандарға құрмет пен алғыстың белгісі.

Бейбітшілік көгершіні – Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бүкіл әлемде маңызды болған біздің бүгінгі өміріміздің символы. Ол үшін майдангерлер, партизандар, тыл еңбеккерлері шайқасты. Олар батыл түрде Отанын қорғап, жауды жеңген, өздері үшін және болашақ ұрпақ үшін бүкіл әлемді құтқарған. Ақ көгершін тыныштықты, бақытты өмірді, қуанышты, жан жылуын, сондай-ақ бейбітшілікте, достық пен өзара түсіністікте өмір сүруге шақырады.
Біздің акцияға қатысқандардың барлығына рахмет, бұл іс-шара Жеңіс күнінің әр мерекесіне бейбітшілік рәміздерін дайындау бойынша жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз.

9 мамыр – бұл күні біз Отанымызды жойылуынан қорғап, Еуропа мен Азияның көптеген елдеріне бостандық пен тәуелсіздік бергендерге тағзым етеміз. Ұлы Жеңістің дәстүрлері мен ерліктері бізді Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары алдындағы азаматтық және адами парызымызды орындауға шақырады. Отанымыздың күші мен ұлылығы туралы ешқашан ұмытпаймыз. Мереке құтты болсын, қымбатты достар! Бейбітшілік, отбасыларыңызға амандық және әрқашан ашық аспан тілейміз!

 

10.05.2021