Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Достық шаңырағы

"Бір шаңырақ астында" Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Агротехнологиялық факультеттің ПОҚ мен студенттері жиналды. Қазақстан халқының бірлігі күні-еліміздің ең сүйікті мерекелерінің бірі. Біздің мемлекетімізде әр түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді.

Мерекелік іс-шарада әр ұлттың студенттері өз халқының дәстүрі мен мәдениетін  көрсетті.
"Біздің университетте және факультетте әр түрлі ұлт өкілдері оқиды, олардың барлығы бір - бірімен тату, халықтар бірлігі - біздің еліміздің басты жетістігі", - деп атап өтті факультет деканы Алтын Сейтахметовна Шаяхметова.

Сондай - ақ, шақырылған қонақ - Nur Otan партиясы "Болашақ" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зель Александр Викторович қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.
Агротехнологиялық факультеттің ұжымы мен студенттері Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды. Бұл достық, құрмет және ынтымақтастық мерекесі. Біз-тату өмір сүретін бір халықпыз. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!

04.05.2021