Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«StartTech» атты ғылыми жобалар байқауы өтті

Бірегей бизнес-жобалар, креативті тәсілдер– мұның бәрі университет қабырғасында өткен стартап ғылыми жобалар байқауына тән. Оның ұйымдастырушылары Жас ғалымдар кеңесі және университеттің ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі болып табылады. 

Байқаудың негізгі мақсаты- біздің студенттер айналысатын ең үздік  жобаларды анықтау болмақ. Бұл байқау университетімізде алғаш рет өткізіліп отыр, бірақ ғылыммен белсенді айналысатын жас ғалым студенттеріміздің дамуына қолдау көрсету мақсатында  дәстүрлі етуде көздеп отыр.

Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде байқауға жіберілген барлық өтінімдер қарастырылды. Барлығы 15 өтінім келіп түскен, оның 6-ы келесі кезеңге жолдама алды. Іріктелген  студенттердің жобаларын оффлайн қабылдауға шешім қабылданып, нәтижесінде ең үздік 3 ғылыми жоба анықталатын болады. Бір жыл ішінде жеңімпаздар байқау ережелеріне сәйкес алынған қаражатты білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің журналындағы жарияланымға жұмсаулары қажет.

Қатысушылар өз идеяларын ұсынды. Ал, комиссия мүшелері олардың жаңашылдығы мен бірегейлілігн бағалады. Олар жоба қорғаушылардың өз стартаптарын ұйымдастыру және дамыту, оны IT саласындағы технологияларды қолдануына көңіл бөлді.

Конкурс финалы Қозыбаев университетінің қабырғасында өтіп, үздіктердің басын қосты. Ұсынылған жұмыстардың тақырыптары сан алуан. Баламалы энергия көздеріне негізделген метеостанция, электоронды оқулықтарды жасап шығару, қораптар жасау және басқа да бірқатар жобалар таңдалды.

Сайыстың нәтижесінде 3 қатысушы жеңімпаз атанды.
- Әділ Құрмашев («Баламалы энергия көздері бойынша портативті марш станциясы» жобасы);
- Анна Лебедева («Бағдарлық экскурсия: Таулардың жеті кереметі»);
- Арина Суржикова («ҰБТ-ға  дайындалға арналған «География» атты электронды оқулығы);

Байқаудың жүлде қоры 80 000 теңге. Байқау жастардың университет қабырғасында өз күштерін сынап көруіне тамаша мүмкіндік берді. Сайыс барысында алынған дағдылар, психологиялық дайындық, желіге қосылу, өз есептеулерін ұсына білу қатысушыларға болашақта бизнес әлеміне алғашқы қадам жасауға септігін бермек.

30.04.2021