Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінің ұжымы вакцинациялаудан өтті

Қазақстанда басталған республикалық жаппай вакцинация науқаны күні бүгінге дейін жалғасуда. Вакцинаның маңыздылығын, оның санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсартудағы әлеуетін түсінген, Қозыбаев университетінің қызметкерлері мен студенттері екпені белсенді түрде алуда. Алғашқы күні оқу ордамыздың  78 маманы мен қызметкері вакцина қабылдады. Ниет білдірушілер «Спутник V» немесе «QazVac» вакцинасын  алды. Вакцинаны 3 қалалық емхананың медицина қызметкерлері жүргізді.

Індетке қарсы вакцинация процесін қол жетімді және ыңғайлы ету үшін университетте вакцина егу пункті жұмыс істейді. Егер қарсы көрсетілімдері болмаса, кез-келген қызметкер немесе студент қауіпті вирусқа қарсы вакцина ала алады. Екпе қабылдағандар алдымен терапевттің тексеруінен өтті. Жиналғандарға вакцинациядан кейін тұмау ауруы сияқты белгілілері бар  - әлсіздік, ауыру, ұйқышылдық, қызба немесе қалтырау сынды жанама әсерлердің болуы ескертілді.

«QazVac» вакцинасын қабылдаған университетіміздің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ерлан Шуланов: «Мен отандық дәрігерлеріміз бен ғалымдарымызға сенім артамын, біздің вакцина көптеген аналогтардан кем емес, тіпті артық екеніне күмәнім жоқ. Мен баршаңызды отандық вакцинаны қабылдауға шақырамын. Өз еркімен екпе саламын дегендердің қатары артады деген үміттемін. Сондай-ақ, жақында оқытушылар құрамы да, студенттер де толықтай вакцинациялаудан өтеді»-деп атап өтті .

Университетте 7 мың 500-ден аса сутдент білім алады. 1 мыңнан аса ПОҚ мен қызметкер бар. Айта кеткен жөн, 4 мамырдан бастап жоғары оқу орнының медициналық пунктінде қала тұрғындары да вакцинациядан өте алады.

30.04.2021