Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

30 сәуір 2021 ж №17 саны Петропавл қалалық қоғамдық-саяси газеті "Qyzyljar nury"

 

 Петропавл қалалық "Qyzyljar nury" қоғамдық-саяси газетінде жарияланған 2021 жылдың 30 сәуіріндегі №17 санында "Foundation" факультетінің ДК-9с-20-3 тобының тыңдаушысы Бектұрсын Шаттықтың "Ардақты атамекенім" атты сұхбатынан үзінді.
Биыл Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға білім қуып келгеніме бір жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында жергілікті халықтың салт-дәстүрімен танысып, түрлі ұлт өкілдерімен араласып жүрмін. Олармен тілдескен уақытта қазақ жерінің мызғымас байлығы – ертеден сақталып келе жатқан бірлігі екеніне көзіңіз жетеді.
130-дан астам этностың басын біріктіріп отырған елде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың қалыптасқанын, халықтың еркін өсіп-өркендеуіне барлық жағдай жасалғанын аңғаруға болады. Әр мейрамның Орталық алаңда жоғары деңгейде, кең көлемде аталып өтілетінін де естідім. Жалпы биылғы жыл Қазақстан үшін саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік өмірінде ерекше орын алып отырған мерейлі жыл екені белгілі. Елдің егемендік алғанына 30 жыл толғалы отыр. Тұғыры биік Тәуелсіздік әр ұлт үшін ерекше қастерлі, тарихи маңызды қазына екені анық. Мұнда тұрып жатқан көптеген ұлттар мен диаспоралар ынтымағы жарасып, татулық бесігінде тербеліп келеді. 
Толық нұсқасы газетіміздің бүгінгі санында
Reposted from @qyzyljarnury
30.04.2021