Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«СҚУ 100 үздік білім алушылары» байқауы

2021 жылғы 3 мамыр мен 25 мамыр аралығында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің "Рухани жаңғыру" әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институты жыл сайынғы "СҚУ 100 үздік білім алушысы" конкурсын өткізеді (онлайн іріктеу).

Конкурсқа қатысуға университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық, спорттық және мәдени өмірінде жоғары жетістіктері бар күндізгі оқу нысанының 1-4 курс студенттері шақырылады.
Конкурсқа қатысу және өтінім беру үшін көрсетілген мерзімде өтінімді қоса берілген нысан бойынша ресімдеу және ruhani_zhangyru_skgu@mail.ru электрондық мекенжайға жолдау қажет.
Ең жоғары рейтинг жинаған қатысушы (кәсіби құзыреттерді, жеке және кәсіби жетістіктерді бағалау балдарының сомасы) арнайы сертификат алады және оның веб-портфолиосы СҚУ сайтында орналастырылады.

Байқау ережесі

Байқауға қатысуға өтініш

29.04.2021