Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы: бірлік, бейбітшілік және келісімнің 30 жылы»

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІХ сессиясы «Бірлік, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» атты тақырыбы аясында өтті. Аталмыш іс-шара алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылды. Шараға 550-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында барлық Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары және БАҚ өкілдері бар.

Сессия жұмысына Солтүстік Қазақстан облысынан ҚХА кафедрасының ғылыми-әдістемелік бірлестігінің мүшелері: Людмила Гривенная, ҚХА кафедрасының меңгерушісі, доцент, Гүлбахша Мұсабаева, «Құқықтық пәндер» кафедрасының доценті, Эльвира Ковзель, «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» ҚБ президенті, Валентина Корнева, «Коперник» СҚО поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары қатысты.

ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-шы отырысын тәуелсіз республиканың қалыптасуы мен жетістіктері туралы естеліктерге арнап, болашақ жоспарларға тоқталды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының  қоғамдағы тұрақтылық пен бірлік, келісімді сақтаудағы ерекше рөлін атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы - ҚР Тұңғыш Президентінің көпэтносты қоғамды дамытудың бұлжымас қағидатын сақтай отырып, уақытпен бірге қадам басып келеді.

2014 жылдың 28 сәуірінде Қозыбаев университетінің ҚХА кафедрасы құрылды. 7 жыл ішінде кафедра ҚХА қызметінің бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізді, университеттің Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен, республикалық және халықаралық ғылыми-білім беру және қоғамдық мекемелермен тығыз қызмет атқарып, студенттер ұлттық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру процесіне тартылды, ғылыми жобалар мен әдістемелік әдебиеттер әзірленді, шетелдік студенттерді бейімдеу бойынша іс-шаралар өткізілді.

Болып жатқан өзгерістерге қарамастан, Ассамблея еліміздің этносаясатындағы маңызды және өзекті құралы болып табылады. Осы сессияда ҚХА-ның басым міндеттерінің қатарында мынадай бағыттар айқындалды: қазақстандық патриотизмді, азаматтық тең құқықты қалыптастыру, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және қазақстандық қоғамды рухани жаңғырту.

29.04.2021