Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жастар және полиэтникалық қоғамдық құндылықтарды сақтау

1 мамыр– Қазақстан халқының бірлігі күні. Қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі елді жаңғыртудың аса маңызды шарттарының бірі. «ҚХА» кафедрасы университет студенттеріне «Жастар және көпэтносты қоғамның құндылықтары» тақырыбы бойынша сұхбат өткізді. Студенттерге сұрақтар қойылып, жастардың өмірлік құндылықтары мен бағдарларын анықтау бойынша ЖОО студенттерінің сауалнамасының қорытындылары таныстырылды.

«Сіз жастардың қандай ерекшеліктерін атап өтер едіңіз» деген сұраққа қатысушылар әлеуметтік топтың келесі жағымды жақтарын атады: жауапкершілік, әдептілік, жаңа білімге деген ұмтылыс пен ұтқырлық, батылдық және волонтерлік қызметке қатысу, сонымен қатар спорттағы жетістіктер. Теріс белгілер қатарынан олар: өмірлік тәжірибенің болмауын, ұқыпсыздық, интернетке деген тәуелділік сынды қасиеттерді атады.

Көп ұлтты қоғамның құндылықтарының қатарына: толеранттылық, достық, жан-жақтылық, әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін атап өтті. Жастар– ел болашағы және жастар қоғаммен тікелей байланысты. Сондықтан қатысушылар қоғамдық келісім мен оның бірлігін сақтаудағы жастардың үлкен рөл атқаратындығын атап өтті.

Жүргізілген  сұхбат нәтижесінде қалыптасқан ұжымдық пікір жастардың, тұтастай алғанда, полиэтносты қоғамның құндылықтарын оң қабылдайтынын және оларды сақтауға, одан әрі дамыуға дайын екенін көрсетті. Сонымен бірге, жастардың қазіргі және болашақтағы қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін сақтауға деген жауапкершілігін түсіну қажет.

28.04.2021