Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттер Чернобыль атом электр станциясындағы апатын жоюға қатысқан азаматтармен кездесті

Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа– 35 жыл. «ҚХА» кафедрасы Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетімен, М.Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылының «Полісся» украин мәдени орталығымен, СҚО «Союз Чернобыль» МҚҰ бірлесіп, студенттер үшін «Живая книга» атты кездесу ұйымдастырды.

«Физика» кафедрасының оқытушысы Евгения Гололобова 1986 жылғы 26 сәуірде АЭС 4 блокта орын алған апаттың себептері мен  әлемдегі атом энергетикасының дамуы туралы ақпаратпен бөлісті. Ол апаттың басты себебі электр станциясын салу және оны одан әрі пайдалану кезінде жіберілген техникалық қателіктер, яғни адами фактор екенін атап өтті.

Студенттер  бұл оқиғаның куәгерлері атанған, жерлестерімізден, Ахатжан Арықов пен Эдуард Завьяловтың біле алды. Олар қайғылы жағдайды еске алып, өзінің бастан кешкен кездерін айтты. Жас сабаздар аймақты радиациядан, барлаудан зарарсыздандыру отрядында, кейін жабдықтауда қызмет атқарған екен.

Жүректің, ар-ожданның және халықаралық борыштың шақыруы бойынша апаттың салдарын жоюға 30 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 5 мыңы– Солтүстік Қазақстан облысының азаматтары еді. Бүгінгі таңда СҚО-да Чернобыль апатын жоюға қатысқан 293 солтүстікқазақстандық бар. СҚО «Союз Чернобыль» МҚҰ төрағасы Ахатжан Арықовтың айтуынша, «чернобыльдықтарға» әлеуметтік мәселелерді шешуге, атап айтқанда, жыл сайын медициналық тексеруден өтуге көмек көрсетіліп тұрады.

Магистрант Бақыт Тәкенов баяндамасында студенттердің ерекше қызығушылығын оятты, ол HBO телеарнасының американдық «Чернобыль» фильмін талдау арқылы апатқа жаңа көзқарас ұсынды. Тақырып аясында  шындық пен көркем әдебиетке салыстырмалы талдау жүргізіліп, фильмнің сенімділігінің жоғары деңгейі туралы қорытынды жасалды.

Сонымен қатар, шара барысында М.Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылындағы «Полісся» украин мәдени орталығының жетекшісі Мария Иваненко студенттерге болған апаттан кейін радиацияның адамдарға, сондай-ақ, флора мен фаунаға тигізген кері әсері туралы баяндады.

Кездесуге қатысушылардың студенттерге деген тілектері бір арнаға тоғысты – біз барлық салада жоғары кәсіби маман болуға тырысуымыз керек, кейде түзетілмейтін мұндай қателіктер мен ауыр зардаптардың алдын алу үшін, әр салада өз жұмысымызға жауапты болуымыз қажет екндігін атап өтті.

28.04.2021