Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Республикалық сайыста 3 орынға ие болды

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша XIII Республикалық пәндік олимпиада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында қашықтықтан Zoom платформасында өтті.

Сайысқа Қазақстанның жоғары оқу орындарының 14 командасы бақ сынасты. Олипиаданың ұйымдастырушылары білім берудің жаңартылған жүйесіне сәйкес, педагогикалық білімді насихаттауға, мектепке дейінгі ұйымның педагог мамандығына қызығушылықты дағдыландыруға, сондай-ақ, студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға ұмтылды.

Зияткерлік сайыс 4 кезеңнен тұды. Командаларды таныстыру, тесттік тапсырмалар, «Инновациялық бағыттар: заманауи педагог-тәрбиеші теориядан іс жүзіндегі тәжірибеге дейін» атты шығармашылық жоба конкурсы және жаңартылған білім беру мазмұны мәнмәтініндегі білім беру қызметі.

Қозыбаев университетінің «Талантты жастар» командасы атынан үшінші курс студенттері Алида Әбдірахман, Айдана Амангелдинова, Ұлболсын Дадеш, Анэль Сайран қатысты . Олимпиаданың барлық тапсырмаларын орындап, біздің команда жүлделі 3 орынға ие болды!

Ғылыми жетекшісі «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, Әлима Қабденова. Жүлдегерлерді құттықтай отыра, жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

26.04.2021