Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Біздің студент «ART-ЕДИНСТВО-2021» халықаралық байқауында жеңіске жетті

Білім ордамыздағы «Музыкалық пәндер» кафедрасының студенті Александр Плотник «ART–ЕДИНСТВО-2021» (Беларусь) балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық қашықтық көпжанрлы фестиваль-байқауында 1 орынды жеңіп алды.

Сайыс шығармашылықтың түрлі салаларында-музыка (вокалдық және аспаптық шығармашылық), хореография, театр, цирк, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша 7-23 жас және одан жоғары жастағылар қатыса алды. Александр Д.Майдановтың «Рядом с тобой» кең диапазонды жоғары техникалық әнін орындап, «Эстрадалық вокал» номинациясында тамаша өнер көрсетті.  Қазылар алқасы оның таланты мен дауыс шеберлігін жоғары бағалады.

Байқауға алыс және жақын шетелдерден жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің, өнер мектептерінің, колледждердің, ЖОО мен студиялардың ұжымдары мен жеке орындаушылары қатысты.

Өтінімдерін жіберіп, олар өз өнерлерін бірден екі конкурста көрсете алды: «ART-ЕДИНСТВО – 2021» және Болгарияның "УТРИННА ЗВЕЗДА" қашықтық халықаралық арт-фестивалінде. Сондықтан, жеңімпаздар мен жүлдегерлер бірден екі дипломмен марапатталды.

26.04.2021