Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университеті жалпықалалық сенбілікке қосылды

Университет ұжымы студенттік қалашықтың таза келбетін сөзбен емес, іс жүзінде қолдайды. Университет кампусын қоқыстан тазартуға басшылық тарапы,  оқытушылар мен қызметкерлер  шықты. 

Өткен сенбіде студенттер жатақхананың айналасын тазартқан болатын. Ал, бұл жолы "тазалық үшін күрес" эстафетасын ПОҚ қабылдады. Басқарма Төрағасы-ректордан бастап кітапхана, денсаулық пункті және кафедра мамандарына дейін барлығы жақсы көңіл - күймен университет ауласын әп-сәтте тазартып шықты. Сенбілікке барлығы 200-ге жуық адам қатысты. 

Әр факультет өз корпусының, сондай-ақ бассейннің, обсерваторияның, денсаулық сақтау пунктінің және М.Жұмабаевқа арналған ескерткіштің маңын жинады. Сондай-ақ, жасыл шырша көшеттері отырғызылды. Айта кетейік, Қозыбаев университеті "Green Campus"қағидаты бойынша инфрақұрылымды дамыту жолын таңдады. Студенттер қалашығының аумағында көгалдандыру, экология, энергия үнемдеу, қоқысты сұрыптап жинау, жасыл технологияларды пайдалану мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

24.04.2021