Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Қытайдың әлеуметтік-мәдени қауымдастығы: өзгермейтін құбылыс»

Географиялық және тарихи тұрғыдан Қазақстан мен Қытай арасында тату көршілік қатынастар қалыптасқан. Қытай өркениеті - ғаламшардағы ежелгі дәуірдің бірі. Қытайда ойлап тапқан жібек, циркуль, қағаз, фарфор бүкіл әлемде қолданылады, ал Лао Цзы мен Конфуцийдің философиялық ілімдері адамзаттың дүниетаным парадигмасының қазынасын толықтырды.

«ҚХА» кафедрасы 3 тілде жүзеге асыратын «Халықтану» оқу дәрісі аясында студенттерге «Қытайлар» тақырыбында дәріс оқылды. Шараға университеттің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар сарапшылар (Владимир Ручин- Саратов мемлекеттік университетінің қызметкері, мәдениет және мәдениеттану философиясының кафедрасының доценті (РФ) және Олег Синяков-  Қоғамдық даму және ақпарат орталығының қызметкері қатысты).

Студенттер қытай халқының тарихы мен дәстүрі, мәдениеті мен тілі, жетістіктері мен көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік алды. Дәріс барысында Қазақстанда тұратын қытайлар және Алматыда қызмет атқаратын қытай мәдени орталықтарының жұмысы туралы, сондай-ақ ҚХР студенттерінің академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері талқыланды. Студенттер қытай халқының тұрмысы,  мәдениеті мен дәстүрлері туралы біліп, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Біздің елдің этностарының мәдени мұраларымен танысу студенттер арасында сыйластықты, мәдениеттілікті қалыптастырады.

23.04.2021