Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына орналасуына конкурс туралы

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ 20.04.2021 жылғы Директорлар Кеңесінің шешіміне (№3 Шешім) сәйкес, келесі Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына конкурс жарияланды:

  • Басқарма Төрағасы – Ректорының орынбасарына;
  • Ғылым және инновациялар жөніндегі Басқарма мүшесіне;
  • Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесіне.

«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекенжайы: Петропавл қаласы, Пушкин к., 86.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысуға төмендегі тұлғалар жіберілмейді:

1)  жиырма бес жастан кіші;

2)  бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3)  өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4)  медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5)  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  белгіленген нысандағы өтініш;

2)  конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)  белгіленген үлгі бойынша 3x4 үлгідегі түрлі түсті суретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4)  білім туралы құжаттардың және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, оларға қосымшалардың көшірмелері;

5)  жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)  № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби кеңес қорытындысы);

7)  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілген құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

8)  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілген құжаттар  ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

9)  лауазымға орналасуға қылмыстық заңнамаға сәйкес тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Петропавл қ., Пушкин к., 86, 2 корпус мекенжайы бойынша «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Корпоративті хатшысына ұсыну қажет (426 кабинет, телефоны: +77775122629). 

 «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректорды іріктеу және тағайындау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібі

 Өтініш


БАҚ-тағы хабарландыру:

Казахстанская Правда (23.04.2021)

Egemen Qazaqstan (23.04.2021)

23.04.2021