Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Солтүстік Қазақстан облысының азық-түлік бағдарламасындағы мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы

Дөңгелек үстел – кейбір мәселелерді талқылауды ұйымдастырудың бір тәсілі, оның мақсаты талқыланатын мәселеге қатысты идеялар мен пікірлерді жалпылау болып табылады. 7 сәуір күні М.Қозыбаев атындағы СҚУ «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасы «Ғылым онкүндігі – 2021» аясында онлайн режимде «Солтүстік Қазақстан облысының азық-түлік бағдарламасындағы мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы» атты халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өткізді. Пропоненттер ретінде П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің ғалымдары (Омбы қ., РФ), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары, магистранттары мен студенттері, сонымен қатар Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің студенттері (Түмен қ., РФ) қатысты.  Дөңгелек үстел бағдарламасына келесі тақырыптар бойынша баяндамалар енгізілді: «Сібір типіндегі кеңестік ет және жүнді қошқарлардың тексель типтегі қошқарларымен будандастырылған тұқымдардың ет сапаларын бордақылау» (Орехова Л.А. – П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің а.ш.ғ.к., доцент), «Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытудың әлемдік үрдістері және мал шаруашылығы салаларын дамыту тұжырымдамасының стратегиялық бағыттары» (Жунусов А.Е. – М.Қозыбаев атындағы СҚУ, а.ш.ғ.к., аға оқытушы), «Солтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы» (Садупова Т.Б. – М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы), «Селеннің ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігіне әсері» (Павлюк А. – Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің 1 курс студенті), «Мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы» (Савченко Т. – М.Қозыбаев атындағы СҚУ 3 курс студенті), «Шұжық өнімдерін жетілдіру жаңа технологиясы» (Сейтқасымова С. – М. Қозыбаев атындағы СҚУ 3 курс студенті).  Дөңгелек үстел жұмысында сапалы шикізат алудың, сондай – ақ оны қайта өңдеудің негізгі мәселелері талқыланды, өйткені бүгінгі таңда тамақ өнеркәсібі саласының алдында өте маңызды міндет тұр-ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнімдер шығару. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары Иль Д.Е. және Жұмахан С.Т. қатысушыларға алғыс айтып, тақырыптың өзектілігін атап өтті. Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

09.04.2021