Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университет өсімдіктердің өсуі мен жануарлардың даму аясын кеңейтетін препарат ойлап тапты

Жоғары тиімді, табиғи, экологиялық таза дәрілік зат «Тополин» құрамында 250-ден астам әр түрлі биологиялық белсенді табиғи заттар бар. Ол химия ғылымдарының докторы, профессор Владилен Васильевич Поляковтың жетекшілігімен ұзақ мерзімді іргелі ғылыми зерттеулердің нәтижесінде құрылды және бірқатар патенттермен қорғалған. Тополиннің тиімділігі медицинада ғана емес, микробқа қарсы, ісікке қарсы, жараларды емдейтіндігі  дәлелденген, сонымен қатар ауыл шаруашылығында да қолданылады.

Университетте СҚО агроқұрылымдарына арналған Тополин препаратының тұсаукесері өтті. Профессор Владилен Поляков өзінің дәрілік препаратының өсімдіктердің өсуін және аурулардан қорғалуын, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының дамуын ынталандыратын қасиеттері туралы айтты.

Фитопрепараттың жас мал организміне әсері туралы зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде иммундық және эндокриндік жүйелерге күшті емдік әсер етіліп, ас қорыту жолдарының оңтайлы микрофлорасы қалыптасып, жануарлардың репродуктивті қызметі қалпына келтірілді. Үй құстары мен шошқа өсірудегі қосымша күнделікті өсім ұлғайтылды.

Өсімдік шаруашылығы саласында препарат, аурулардың негізгі түрлері бойынша өсімдіктердің зақымдануын едәуір азайтуға ықпал етеді, ауылшаруашылық дақылдарының қолайсыз ауа райы жағдайларына төзімділігін арттырады, ауылшаруашылық өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін жақсартады, өнімділікті 29,8% дейін арттырады, пісетін кезеңді тездетеді. Қазір Тополинді өндіріске енгізу мәселесі пысықталуда, серіктестер мен инвесторлар тартылуда.

08.04.2021