Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Қазіргі журналистиканың өзекті мәселелері - 2021: шеберліктің қыр-сырлары ...»

Осындай атаумен университетімізде «Журналистика» мамандығында 20-шы рет түлеп ұшқан білімгерлеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн режимінде өтті. Іс-шараға оқытушылары мен студенттер, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Новосибирск, Тюмень және Санкт-Петербург медиа қызметкерлері қатысты.

Сонымен, «Комсомольская Правданың» корреспонденті Ирина Ромашкина мен Новосибирскідегі Сібір Мемлекеттік Технологиялық Университетінің аға оқытушысы Ирина Сапон тәжірибелі журналистер ретінде қатысушыларға өздерінің шеберлік құпияларымен бөлісті. «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Нұргүл Ахметова теледидардағы меншікті тілшісінің кәсіби өмірі қалай құрылатыны, тәжірибесіз жас журналист қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екендігі туралы айтты.

Спикерлер сонымен бірге СҚО ПД баспасөз қызметінің қағидаларын, журналистер қызметінің ерекшеліктерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралардағы БАҚ-тың рөлін қарастырды. Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

06.04.2021