Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Қазақ күресінен республикалық турнир университет қабырғасында ұйымдастырылды

Қозыбаев университетінде "Тұлпар мініп, ту алған" атты ұлттық жоба аясында Алпамыс батырға арналған Басқарма Төрағасы-Ректор кубогының қазақ күресінен республикалық ашық турнирі жоғары деңгейде өтті.

Оған Нұр-Сұлтан, Шымкент, Семей, Қарағанды, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген палуандар, соның қатарында білім ордамыздың студенттері де қатысты. Аталмыш додаға халықаралық санаттағы төрешілер төрелік етіп, әділ бағасын берді.

Турнир қорытындысы бойынша күресшілер арасында 3 орынға жайғасқан Олжас Шынкеев 100 мың теңгелік сыйлықпен марапатталды. Қарсыластарын жеңуге бар күшін салған палуан Айбат Сейтен 200 мың теңгемен 2 орынды иеленді. Дәл осы салмақ дәрежесі бойынша мықтылығын дәлелдеген Мұхит Тұрсынов, Басқарма Төрағасы-Ректор кубогын жеңіп алып, 300 мың теңгені құрайтын жүлде қорын ұтып алды.

Осындай үздік өнер көрсеткен спортшылар қатарында 55 кг мен 100 кг аралығындағы салмақ дәрежесі бойынша 1 орынға ие болған күресшілерге де 50 мың көлеміндегі ақшалай сыйлықтар табысталды. Атап өткен жөн, қазақ күресін кеңінен насихаттау, ұлттық спорт түрімен айналысатын жас спортшылардың үлесін арттыру мақсатында турнир оқу ордамызда екінші мәрте республикалық дейгейде ұйымдастырылып отыр. Барлық қатысушы спортшылар мен жарыс барысын ұйымдастырғандар бағалы сыйлықтар және алғысхаттармен марапатталды.

05.04.2021