Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Университет оқытушылары криминалистика бойынша және сот медицинасы туралы білімдерін кеңейтті

«Құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушылары СҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қозыбаев университетінде өткен практикалық семинарға қатысты.

Семинар екі кезеңде ұйымдастырылды. Алдымен университеттің Жоғары медицина мектебінің директоры Светлана Михайлова «Анатомия» зертханасында «Пирогов» интерактивті анатомиялық кестесін қолдану арқылы жүргізілген топографиялық анатомия және сот-медицинасы туралы дәріс оқыды. Бұл кешен «адам денесін дәл қалпында 3D-түрінде көрсету» түрі болмақ. Сонымен қатар, инновациялық білім беру өнімі, анатомиялық, топографиялық және клиникалық бағытқа сәйкестендіріліп ұсынылған. Оны қолданудың арқасында жиналғандардың барлығы үстелдің сенсорлық экранында көрсетілген жүйелермен, адам денесінің сегменттік құрылымымен, органикалық құрылымдармен танысты.

Семинардың екінші кезеңі СҚО ДП жедел-криминалистикалық бөлімінің сот-медициналық полигоны негізінде,СҚО ДП бастығының орынбасары Енбек Сембин басшылығымен өтті. Теориялық бөлім барысында қатысушылар тергеу сараптамасы мен сараптама жүргізудің мақсаттары, түрлері, заңды негіздері және тактикалық шарттары туралы білімдерін кеңейтті. ЖКБ ДП полигоны- бұл елдегі ең үздіктердің бірі. Бұл арқылы іздер мен дәлелдемелерді қолдана отырып, әртүрлі қылмыс көріністерін сахналау үшін қолданылған.

Кафедраның оқытушылары оқиға болған жерді қараудың барысы мен нәтижелерін анықтау, тәркілеу, есепке алудың криминалистикалық ережелері бойынша практикалық дағдыларға ие болды. Жақын арада оқытушылар студенттерді «Құқықтану» мамандығымен егжей-тегжейлі таныстыратын болады.

02.04.2021