Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Шетелдік студенттерге Қозыбаев университетінде оқуға бейімделуге көмектесеміз

Университеттің тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің бір көрсеткіші-шетелдік студенттердің болуы. Білім ордамызда шетелдік студенттердің саны жылдан жылға өсуде, бұл университеттің беделінің артқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда Қозыбаев университетінде әлемнің 12 елінен (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Германия, Үндістан, Бангладеш) келген 377 студент білім алуда. Ағымдағы оқу жылының ерекшелігі-шетелдік 1 курс студенттерінің оқу үдерісімен қашықтықтан, онлайн режимінде танысты.

Шетелдік студенттермен кездесуде «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная студенттердің мәдениетаралық өзара іс-қимылы мен жақындасуына бағытталған кафедраның қызметі туралы айтты. Психологиялық қызметтің жетекшісі Павел Моисеев қатысушыларға жаңа жағдайларға бейімдеу бойынша психологиялық қолдау көрсетуге дайындығы туралы хабарлады. Студенттік клубтың жетекшісі Зарема Ғұмарова студенттерді  университеттің шығармашылық үйірмелері мен спорт секцияларының жұмысына қатысуға шақырды.

Үндістаннан келген студенттер тілдік кедергіні тағы бір маңызды мәселе деп атады.Олар орыс тілін білмеуі және күнделікті өмірде ағылшын тілін сирек қолданғанын атап өткен жөн.

Моңғолия мен Қытайдан келген студенттерге қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жергілікті қазақтарға қарағанда шетелде тұратын қазақ диаспоралары көбірек сақтайтындықтары көрінді. Сонымен қатар, барлық спикерлер оқытушылар, студенттер және қала тұрғындары тарапынан көмек көрсетуге ниет білдірді. Олардың пікірінше, 90-нан астам түрлі этникалық топтар тұратын біздің өңіріміздің көп этностық құрамы негізінен өркениетті қоғамның игілігі мен көрсеткіші болып табылатын ынтымақтастық, және толеранттылық сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

02.04.2021