Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Еврей халқының тарихымен таныстырамыз

Еврей халқы ғаламшарымыздағы ең көне және талантты адамдарды біріктіретін, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік нацизмнің бұрын-соңды болмаған геноцидіне ұшыраған, 6 000 000 адамның өмірін қиған қуғын-сүргін мен қысымшылықтан ең көп зардап шеккен халықтардың бірі. Қозыбаев университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Халықтану» білім беру лекторийы аясында 3 тілде дәрістер өткізілді. Шарада еврейлердің тарихы мен ұлттық діндерінің ерекшеліктері, Израильдегі рухани қасиетті орындар мен еврей халқының менталитеті талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы және Солтүстік Қазақстан облысындағы еврей этномәдени орталықтары мен университет оқытушылары және сарапшылар Юрий Каштелюк- журналист, «Мицва» Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ мүшесі (Алматы қ.), Евдаев Рашбиль- Солтүстік Қазақстан еврей мәдени орталығының басшысы студенттердің жолдаған сұрақтарына жауап берді.

Студенттер Ресей Федерациясы құрамындағы еврей мемлекеттілігін және Израиль тәуелсіз мемлекеті қайта құру нұсқалары жайлы еврейлердің әлемдік өркениет пен Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы егжей-тегжейлі білді. Сонымен қатар, салт-дәстүрлермен, музыкасымен және би өнерімен танысты. Ал қасиетті мағынасы бар еврейлердегі әйел ананың құрметі қыздардың әскердегі 2 жыл мерзімді қызмет өткеруімен үйлеседі.  Қазақстанда тұратын этностардың тарихы мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін білу адамдардың бір-біріне өзара сыйластық қатынасын жақсы түсінуге және сақтауға мүмкіндік береді.

01.04.2021