Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында облыстық олимпиада өтті

Қозыбаев университетінде Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен мұғалімдердің  интеллектуалды сайысы екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар аймақтағы үздік мұғалімдерді анықтайды, олардың кәсіби өсуін, шығармашылық әлеуеті мен  мамандықтың беделін көтеруге үлес қосады. Жеңімпаздар 2 номинация бойынша анықталды: орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, сондай-ақ мемлекеттік тілде оқытатын ұстаздар.

Бастапқыда іріктеу Солтүстік Қазақстан облысының аудандары деңгейінде өтті. Оған 335 адам қатысты. Оның ішінде 30-ы облыстық кезеңге іріктелді.

Оқу ордамызда олар екі кезең бойынша бақ сынасты. Алдымен орыс тілінде оқытатын мектептердің мұғалімдері, тест тапсырмаларын, ал қазақ тілді білім беретін оқу орындарындағы әріптестерінің тапсырмалары эссе жазуға бағытталды.Әрі қарай олимпиада мұғалімдердің ұсынылған тақырып бойынша сабақ үзіндісін ұсынумен жалғасын тапты. Сайыстың екінші кезеңінде қатысушылар ұстаз мамандығының ғылыми-әдістемелік әлеуеті мен қызметтегі жетістіктерін ұсынатын портфолиоларын дайындады. Құрметті ұстаздар, жас мамандар да өздерінің шеберліктері мен педагогикалық талантын көрсетті. Қатысушылар аудиториясы кең болды. Атап айтсақ, бұл Петропавл қ. мен Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары қатыса алды.

Нәтижесінде бірінші орындарды Сандуғаш Байкенова (Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты, Петропавл қ.) және Әйгерім Мұстафина (Зеленогай ОМ,Тайынша ауданы) иеленді. Бас жүлдені Күлтай Жукушева (Лобанов ОМ, Айыртау ауданы) жеңіп алды. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері зертханасының қорытынды отырысында марапатталады.

01.04.2021