Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Біздің студенттер тағы да спорт тұғырына көтерілді

«Дене шынықтыру және спорт» ББ-на түскен 5 студенті, Солтүстік Қазақстан облысының командасы құрамында жастар мен ардагерлер арасында гір көтеруден Ұлттық чемпионатқа белсенді қатысты. Олар тамаша нәтижелер көрсетіп, 27-30 сәуір аралығында Өзбекстанның астанасында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

ПФ үшінші курс студенті, спорт шебері Серікбол Амандық, 63 кг дейінгі салмақта жастар арасында 2 орынға ие болды.
ПФ 3 курс студенті Святослав Гаманко, 73 кг дейінгі жастар арасында 3 болып, ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Валентин Федоровский екінші курс студенті, сонымен қатар спорт шебері, 78 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жастар арасында 2 орынға ие болды.
Дмитрий Акишин, халықаралық спорт шебері, қашықтықтан оқыту форматында білім алады, 85 кг ардагерлер арасында екі номинацияны жеңіп алды (қос жекпе-жек, ұзақ циклді) және командаға 2 алтын медаль әкелді. Сондай-ақ, біз студентіміз Марина Евичті Қазақстан Республикасының спорт шебері дәрежесінің орындауымен құттықтаймыз!

СҚО құрама командасының аға жаттықтырушысы - "Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының аға оқытушысы Андрей Ярославович Глывяк. Спортшыларымызға жаңа жеңістер мен оқуда сәттілік тілейміз!

01.04.2021