Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

Қозыбаев университетінің базасында академиялық ынталандыру орталығын құру жоспарлануда

Барлық білім алушылар үшін тамаша жаңалық! Біздің университетке мемлекет деңгейінде үлкен қолдау көрсетіледі. Осы жоба шеңберінде қаражат бағытталатын болады:
- білім беру бағдарламаларын жаңартуға;
- ғылыми зерттеулерді жүргізу және оқыту үшін инфрақұрылымды дамыту;
- халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыру және т.б.

Сондай-ақ университетте республикалық бюджет қаражаты есебінен:
* 600 орынға арналған 2 студенттік жатақхана құрылысы;
* жұмыс істеп тұрған үш жатақхана мен бес оқу корпусына күрделі жөндеу жүргізу.

Жыл сайын көрші елдердің жоғары оқу орындарынан бізге ауысатын студенттерге 200 арнайы білім грантын бөлу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, Қозыбаев университетінде студенттер ағынын ынталандыру үшін 2000 арнайы грант бөлінеді.

31.03.2021