Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университет сайтының редизайны

Университеттің ребрендингі аясында Қозыбаев университетінің веб-сайтының дизайны жаңартылды. Сонымен бірге талдау жүргізіліп, Webometrics рейтингіне кірген университеттер сайттарының «үздік тәжірибелері» ескерілді.

Дизайн брендбук негізінде жасалды (түстер, қаріптер, логотип, өрнектер), бұл Қозыбаев Университетінің брендтерін тануға ықпал етеді. Интерфейс оңтайландырылды және ыңғайлы жасалды. Жаңа нұсқа дисплейлердің ені бойынша кіру статистикасын ескереді , енді сайт қолданушылар үшін  «кең» әрі «жайлы» болды. Университеттегі студенттер санын, профессорлық-оқытушылар құрамын, кампус ғимараттарын және т.б. көрсететін «Статистика» сияқты жаңа элементтер қосылды. Сонымен қатар, үміткерлер енді «Білім беру бағдарламасын таңдау» қойындыларын басу арқылы болашақ мамандықты таңдау бойынша жылдам бағдарлай алады.

Әзірлеу, орналастыру және тестілеу шамамен 5 айға созылды. Айта кетсек, бұл сайт тарихындағы төртінші дизайндық жаңарту болмақ.

30.03.2021