Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Агроөнеркәсіптік кешеннің басымдықтары: ғылыми пікірталас

Агротехнологиялық факультетте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Агроөнеркәсіптік кешеннің басымдықтары: ғылыми пікірталас» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, Солтүстік Орал Түмен мемлекеттік аграрлық университеті бірлесіп ұйымдастырушы болды.

Конференция жұмысына Еуропа мен Азияның 7 елінен (Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Испания, Болгария, Өзбекстан) ғалымдар қатысты. 24 жоғары оқу орны мен 8 ҒЗИ әріптестеріміз ғылыми еңбектерін ұсынды, конференцияға барлығы 80 мақала келіп түсті.

Пленарлық отырыста құттықтау сөз сөйлегендер: «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ ғылым және инновациялар жөніндегі басқарма мүшесінің м. а.  Ибраева А. Ғ., «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы, тұқым шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Д. Ғ. Шаканов.

Пленарлық отырыстың шетелдік спикерлері өздерінің жеке ғылыми жетістіктері мен әзірлемелері туралы баяндады: Шан Вейсин - солтүстік - батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (ҚХР) профессоры, Кармело Дацци - Палермо қ. (Италия) университетінің профессоры, Франциско Дж. Виллалобос - Кордоба қ. университетінің профессоры (Испания), Александр Ташев - София қ.Орман техникалық университетінің профессоры (Болгария).

Факультет өз алаңында саланың негізгі өкілдерін жинады: ауыл шаруашылығы өндірушілері, ҚР және басқа елдердің аграрлық ЖОО-ның ғалымдары мен білім алушылары (206 қатысушы, ZOOM платформасы).

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша 2 секция ұйымдастырылды: Агрономия, Орман ресурстары және азық-түлік қауіпсіздігі. Секциялық отырыстарда АӨК-дегі даму мен инновациялардың негізгі мәселелері бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың баяндамалары тыңдалды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар конференцияны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті және одан әрі бірлескен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.



21.03.2021