Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

"Тәуелсіз мемлекеттің даму жолдары" аймақтық ғылыми-практикалық семинар-дәрісхана

         

18 наурыз күні "Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жыл сайын өткізілетін "Тәуелсіз мемлекеттің даму жолдары"атты аймақтық ғылыми-практикалық семинар-лекторий өтті. Семинарға М. Қозыбаев атындағы СҚУ ИЯиЛ, ФМЕН, ПФ, АФ, ВШМ  1 курс студенттері, орта-арнайы оқу орындарының студенттері, Петропавл қаласының орта мектептерінің оқушылары және "Орыс тілі мен әдебиеті"кафедрасының ПОҚ қатысты.
Талқылау нысанасы-Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын енгізу, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында қорытындылар шығару және тәуелсіз мемлекеттің даму жолын талқылау.

Эпидемиологиялық жағдайға және оқытудың әртүрлі форматына байланысты семинарға қатысушылар ZOOM платформасында сөз сөйледі немесе баяндамалары бар роликтер ұсынды:

1. Әнуарбек Диас Болатбекұлы, ПФ, ФКС-20-ктобының студенті

2. Кенжигалиева Айгерим Дулатовна, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің УИЯ-20 тобының студенті.

3. Кенжигалиева Алтынай Дулатовна, "№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені" 8"Ә" сынып оқушысы

4. Орынбасар Нұрайым Нұрланқызы, ИЯиЛ, ИЯ-20-1-Қ тобының студенті.

5. Чернышова Анастасия Евгеньевна, ИЯиЛ, РЛ-20 тобының студенті.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баяндамалар "Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасының ғылыми-оқу және тәрбие жұмысында үштілділік бағдарламасының жүзеге асуын айғақтайды.

18.03.2021