Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

"Жақсылық жаса" байқауы

Наурыз - нұрдың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, көңілдің кеңейетін кезеңі.  Наурыз мейрамы - ынтымақ пен ырыстың мейрамы.

2021 жылы 16 наурызда М.Қозыбаев атындағы СҚУ педагогикалық факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша  студенттері арасында “Жақсылық жаса” тақырыбында байқау өтті.

Байқау Zoom платформасында өткізілді.

Байқауға қатысқан 36 шығармашылық жұмыс ерекше мазмұнда ұсынылды. Байқауға бар ынталарымен қатысқан студенттер өздерінің бойларындағы мейірімділік, қамқорлық, ізгілік қасиеттерін ашып көрсете білді.

"Жақсылық адам жанын нұрландыруы тиіс, әлдекімге көмек бере отырып, оның қайырымын күтпеу керек" деген тұжырым жастардың өмірлік ұстамы екеніне көз жеткізгендейміз.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 

17.03.2021