Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кішірейтілген

"Алғыс - шексіз"

Халықаралық Алғыс күні қарсаңында Агротехнологиялық факультеттің "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасында "Алғыс - шексіз" атты бірыңғай кураторлық сағат өткізілді.

Аталған іс – шараның мақсаттарының бірі-өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне құрмет пен достық сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту.

Алғыс айту күні-қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні. Қазақстан халқы алғаш рет Алғыс айту күнін 2016 жылы атап өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халықтары Ассамблеясы күні, 1 наурыз - "Алғыс айту" күні деп жариялады.

Кураторлық сағат барысында 2 курстың Сағитова Айман "Парыз екен бәріне  алғыс айту!", "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" білім беру бағдарламасы; Нуриахметова Арина (А. Айтжанованың өлеңі - "Благодарю!") "Өсімдік қорғау және карантин" білім беру бағдарламасы студенттері өлең оқыды.

Іс-шара соңында кроссворд ойыны өткізілді, оның барысында балалар белсенділік пен шығармашылық ойлау қабілетін көрсетті, сондай-ақ бір-бірін келе жатқан мерекемен құттықтап, бір-біріне шынайы алғыс сөздерін, табыстар мен барлық игіліктер тіледі

01.03.2021