Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

1 наурыз- Алғыс айту күні

     

      1 наурызда Қазақстан ең жарқын  мерекелердің бірін атап өтеді. Бұл 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі.
      26 ақпан күні Алғыс айту күні қарсаңында "Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасында іс-шара өтті, оған кафедра оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ ВШМ, АФ, ФИЦТ студенттері қатысты.
      Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Какпанова А. У., Лютц А. П., Таева О. В., Грунь А. В., Шипилова Ю. В., РЛ-20 тобының студенттері Планбек Ертөстік, Махмутов Алихан, Горшкова Алена , 2 курс студенті Алтаев Алишер, сондай-ақ РЭТ-20 Аманкелдиев Самат (ФИЦТ) студенті сөз сөйледі. Баяндамашылар мерекенің тарихы мен 20 ғасырдың басында Қазақстан аумағына жер аударылған халықтар (немістер, поляктар, кәрістер, ингуштар, шешендер) туралы, қазақ халқымен бірге жүріп өткен қиыншылықтары туралы айтып, үш тілде сөйледі.
      Қиын жағдайға тап болған адамдарға немқұрайлы қарамағаны үшін Қазақстан халқына құрмет пен ризашылықты көрсету — мерекенің басты идеясы.

 

26.02.2021