«Қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлерінің заманауи ғылыми зерттеулері: мектеп ғылымы» атты ІІІ халықаралық онлайн-конференциясы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Практикалық қазақ тілі» кафедралары және Омбы облысы Нововаршав ауданының Қараөзек ЖББМ ұйымдастыруымен «Қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлерінің заманауи ғылыми зерттеулері: мектеп ғылымы»  атты конференция педагогтар мен білім алушылар арасында өтті.

Қозыбаев университетінің оқытушылары, Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстарының мұғалімдері мен оқушылары этникалық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастырудың шарты ретінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру мәселелерін қарастырды. Іс- шарада Мамлют, Тайынша, Ғ.Мүсірепов аудандарының мектеп оқушылары келесі тақырыптар ұсынды: «Кілем тоқу өнері бүгін», «Күміс ақшадан сақина құйып жасауға арналған жиынтық», «Диiрмен – үйде қолданылатын қол құралы».

Ал Омбы облысының білімгерлері бүгінге дейін сақталып келе жатқан қызықты дәстүрлермен бөлісіп, Қараөзек  ауылының  мәдениетімен, үйлену тойында шырқалатын  әндерімен, ұлттық  дастарханымен және басқа да қызықтармен таныстырды.

Конференция барысында «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі Татьяна Ахметова әзірлеген «Қазақ әліпбиінің реформалары: тарих және қазіргі заман» әдістемелік құралы таныстырылды.

Айта кетсек, қатарынан үшінші рет өткізіліп отырған аталмыш конференцияны ұйымдастыру Қозыбаев университеті базасында дәстүрге айналған. Оның мақсаты: мектеп оқушыларының қазақ халқының ұлттық мәдениетін зерделеуге ынталандыру және этникалық бірегейлікті сақтау болмақ.

23.02.2021