Қозыбаев университетінің студенті педагогика ғылымдары саласындағы халықаралық байқауында жүлдегер атанды

«Педагогика және бастауыш білім беру әдістері» білім бағдарламасының төртінші курс студенті Кристина Давидович «Сандық білім беру ресурстары» атты үздік педагогикалық дамуға арналған Бүкілресейлік байқауында 2 орынды иеленді. Нәзік жанды «Бастауыш білім беру» номинациясы бойынша «Ең ақылды» дидактикалық ойынын дайындап, ұсынды.

Бұл онлайн-байқау педагогика мамандығының студенттері, әдіскерлер мен ЖОО оқытушылары және басқа да педагогикалық қызметкерлер арасында «Педагогикалық олимпиада» желілік басылымының көмегімен бір кезеңді қамтып, қашықтықтан өткізілді. Жалпы шарада жасына, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігіне шектеу қойылған жоқ. Іс-шараның мақсаты – студенттерге ақпараттық және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әзірленген сапалы цифрлық білім беру ресурстарын анықтау.

Қатысушылар 6 номинация бойынша цифрлық ресурстарды пайдалану тәжірибелерін ұсынды. Олар конкурстық жұмыстарын презентация, танымдық бейне, интерактивті плакаттар, электронды оқулықтар, тестілік тапсырмалар, мультимедиялық энциклопедиялар және т.б. түрінде жіберді. 

22.02.2021