«Түлектердің құзыреттілікті қалыптастырудың заманауи талаптары тұрғысынан ББ жетілдіру» ғылыми-әдістемелік онлайн-семинары өтті

«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының студенттеріне арналған элективті пәндер каталогын талқылау мақсатында жыл сайынғы семинар өтті. Оған университетіміздің  оқытушылары, сондай-ақ қаламыздағы білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтары, дефектологтары, логопедтері ат салысты.

Іс-шараға Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектептің жетекші мамандары, қазақ мектеп-гимназиясы, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты, есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты, №26 балабақша-мектебі, №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті қатысты.

Осылайша, келесі жылы балаларды, университет студенттеріне арналған курстарға қосу үшін мамандар өз ұсыныстарын әзірледі. Алдағы міндет - жаңа құзыреттіліктерді енгізу, заманауи жүйеге байланысты қандай білімді нығайту керектігін анықтау.

Бұл тәсіл өзінің тиімділігін дәлелдеді: өткен жылы осындай семинарда студенттердің білім беру үдерісіне енгізілген бірқатар ұсыныстар жасалды.   Бұл жолы мүдделі тараптардың білім беру бағдарламаларын жетілдіру және 2021-2022 оқу жылына арналған ЭПК дамыту бойынша ұсыныстар қаралды.

22.02.2021