«Қаржы және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Усбановаға құрмет көрсетілді

Мерейтой иесін әріптестері мен студенттер қатары  60 жасқа толуымен құттықтады. Ол Қозыбаев университетінде 20 жылдан астам қызмет атқарды. Осы уақыт ішінде жүздеген білікті мамандарды дайындады: менеджерлер, қаржыгерлер, банк мамандары және т.б.

Гүлнар Шамуқызы 1983 жылы ҚарМУ-тін « Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Салық қызметінде үлкен тәжірибесі бар. 2000 жылдан бастап ол біздің  оқу ордамызда жұмыс істей бастады. Тәжірибеші мұғалім ретінде ол әрдайым өзінің барлық білімін студенттерге жеткізуге, оларды таңдаған мамандық бойынша практикалық бағытпен таныстыруға тырысады.

Оның кәсіби шеберлігі,  жоғары жауапкершілікті сезінуі, әдептілігі мен жауаптылығы, қарапайымдылығымен әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды. Гүлнар Усбанова қызмет барысында  20-дан астам ғылыми басылымдарын жүзеге асырды. Салық және салық салу бағыты бойынша мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік кешендерді, «Қаржы» ББ студенттеріне арналған бірнеше оқыту курстарын: «Қаржылық менеджменттің математикалық негіздері», «Меншікті бағалау» сынды біршама еңбектер  жасады. Сонымен қатар, ол көптеген әдістемелік оқулықтардың авторы: «Қаржыға кіріспе», «Банк iсi», «Корпоративтік қаржы пәнінен тестер жинағы» және т.б. Ұзақ жылдық ғылыми-педагогикалық тәжірибесі Гүлнар Усбановаға студенттердің дипломдары мен ғылыми конкурстық жұмыстарын табысты қорғап шығуға мүмкіндік береді.

«Қаржы және менеджмент» кафедрасы оның тәжірибесінің, құзыреттілігі мен жігерінің арқасында жетістіктерін қарқынды дамытып, екі еселеп көбейтуде. Айтулы күнде Гүлнәр Шамуқызына білдірген жылы лебіздер мен құттықтауларға  бізде қосыламыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және қызметіңіздің өркендеуін тілейміз!

19.02.2021