ҚХА кафедрасының меңгерушісі «Азаттық жолындағы ақтандақтар: АШАРШЫЛЫҚ зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» атты республикалық дөңгелек үстелге қатысты

Іс-шара Елордада ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, сондай-ақ  министрлердің, көрнекті ғалымдар мен мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен өтті.

Ашаршылық- бұл 1930 жылдардағы аштықтың көрсеткен зардабы. Салдарынан  мемлекет  ірі экономикалық  апатқа ұшырады. Бұл барлық қазақстандықтардың жүректеріне ауыр тиетін зұлмат оқиғалардың бірі. Өткеннің қасіретін, қиын қыстау заманын еске алып, бағалау кейінгі ұрпақтың борышы. Бүгінгі таңда тарихшылардың міндеті- бұл мәселені шетелдік әріптестерімен бірге мұқият зерттеп, талдау болмақ.

Кездесу барысында спикерлер қазақ даласындағы аштықтың себептері мен салдарын, сондай-ақ тақырыпты зерттеу барысында ғалымдар тап болған проблемаларды сөз етті.

Қозыбаев университетінің «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная қазақ даласында 1920 жылдардың басындағы ашаршылық кезінде тарихтың белгісіз беттерінің құпия-сырын ашты. Ол өз сөзінде: «Сол қайғылы оқиғалардан бері 100 жыл өткеніне қарамастан, аштықтың себептері, ауқымы мен салдары әлі тиісті бағасын алған жоқ және көпшілік назарына ұсынылмады. Осы уақытқа дейін талай мұрағаттар үлкен қайғылы жағдайдың деректерін «толығымен құпия» деген атпен сақтап келеді. Тарихшылар мен демографтардың соңғы зерттеулері бойынша, Қазақстан халқы арасындағы аштық құрбандарының саны 1 миллионнан астам адамды құрайды. Ресейдің орталық аймақтарынан, Поволжья мен Украинадан,  Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс бөліктеріне босқындардың көп келуінен, аштық апатты жағдайға ұшырады» деген тұжырымға келді.

Людмила Гривенная  ХХ ғасырдың 20-жылдарының басындағы аштық пен шаруалар көтерілістерін мемлекеттік биліктің арандатқанын еске алып,  қарапайым адамдардың ұмтылыстары мен қажеттіліктерінің екінші кезекке шыққандығы жайлы қорытынды жасады.

Конференцияда ғалымдар айтқан барлық фактілер болған оқиғаның себептік байланыстарын объективті түрде қабылдап, Ашаршылық оқиғасын  зерттеудің кешенді тәсілін тұжырымдауға мүмкіндік берді.

19.02.2021