«Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері» атты IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Бұл іс-шара  біздің университет үшін дәстүрге айналды. Жыл сайын бір шаңырақтың астында ғылым мен жаратылыс мәселелерін талқылау үшін жақын және шалғай жатқан  шетел мемлекеттерінің ғалымдары жиналады. Осы  жолы кездесу онлайн режимінде өтіп, профессор Н.П.Белецкаяны еске алуға арналды. Конференция алғаш рет Ресейдің жоғары оқу орындары- серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр: Сургут мемлекеттік педагогикалық университеті және Алтай мемлекеттік университеті.

Жалпы конференцияны аша отырып,  ғылым және инновациялар жөніндегі Басқарма мүшесінің м.а. Ақмарал Ибраева бүгінде Қозыбаев университеті, елдегі жаратылыстану бағыты бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруда маңызды орын алатынын айтты. Атап айтқанда, оның ең көне факультетінің бірі - МЖҒФ, олар  ҚР БҒМ  ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру аясында белсенді жұмыс істейді. 2018-2021 жылдар аралығында ғалымдар құрамы жалпы сомасы 160 млн.теңгені құрайтын 5 грантты жеңіп алды. Республикалық олимпиадалар мен СҒЗЖ жарыстарының жеңімпаз студенттері  де өз жетістіктерімен қуантуда.

Қазіргі жас буын өздерінің белгілі тәлімгер ғалымдары жасаған әлеуетті сақтап, арттыруда. Наталья Белецкая, география ғылымдарының докторы, профессор, ол ҚР жаңа геоэкология бағытының тууына себепші болды. Ғылыми қызығушылығының аясы өте кең болғандықтан, ол Петропавлдағы Есіл  бедерін зерттеуден бастап (ол бұл аумақтың 40 миллионнан артық жылдық тарихының бар екенін дәлелдеді), тыңайтқыштардың жаңа түрлерін ауылшаруашылығына енгізді. СҚО мен ШҚО тұрғындарының денсаулығын кешенді экологиялық зерттеу арқасында, онкологиялық аурудың басымдылық көрсеткенін дәлелдеу маңызды болды.

«1964 жылы Петропавл педагогикалық институтын бітірген Наталья Петровна Белецкая география кафедрасының лаборантынан, ғылым жөніндегі проректор және университет профессорына дейін өсті. Мұнда ол 56 жыл қызмет атқарды. «География және экология» кафедрасының бітіріп кеткен түлектері, бүгінде оқытушылық қызметтерін адал атқаруда », - деп өз сөзінде профессор Мукарам Тайжанова атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің ғалымдары өз баяндамаларымен таныстырды. Конференцияда барлығы 75 баяндама, оның 26-сы таяу және алыс шетелдерінен ұсынылды.

Пленарлық бөлімнен басқа, қатысушыларға химия, экология және географияның өзекті проблемаларын талқылау, биологиялық жүйелерді зерттеу, ғарыш саласындағы физикалық білімдерді дамыту бойынша пікірталас ұйымдастырылды.

19.02.2021