Қозыбаев университетінің студенттеріне ірімшік жасау саласындағы жаңа білімін Польшаның маманы таныстырды

Оқу ордамыздағы Агротехнологиялық факультеті екі жыл бойы болашақ технолог мамандарды даярлау үшін «Eurasian milk» зауытымен тығыз ынтымақтастық құрып отыр. Қазіргі уақытта серіктес кәсіпорында 16 студент, оның ішінде 6 «Серпін» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтуде.

Зауыт басшысы Андрей Гриценконың бастамасымен студенттер мен оқытушыларға шеберлік сабағын өткізу үшін университетке Польшадан «CSK Food enrichment Poland» инженер маманы Петр Згужыньски шақырылды. Ол ірімшік өндіру технологиясы туралы айтты.

Дәріс берушінің осы салада  халықаралық тұрғыда мол тәжірибесі бар. Ол аудиториямен сүт өнеркәсібінің жаңа үрдістерімен бөлісті. Сонымен қатар, Шығыс Еуропадағы ірімшік өндірудің негізгі проблемаларын талқылады. Тыңдаушылар өнімнің құрамында май мен тұздың аз мөлшеріне жетуді, консерванттар мен аллергендерді қолданудан аулақ болуды және сонымен бірге минималды шығындармен заманауи технологиялық өндіріс процесін ұйымдастыруды үйренді.

"Азық-түлік қауіпсіздігі" кафедрасының студенттері үшін бұл тақырып өте өзекті, өйткені олардың білім беру бағдарламаларында сүт өнімдерін өңдеуге арналған пәндер бар. Петр Згужыньски зауытта жұмысшылар үшін бірқатар дәрістер оқыды, онда біздің тыңдаушы студенттер ірімшіктің алуан түрін өз көздерімен көре алды.

Айта кетсек, «Eurasian milk» зауытының басшысы ынтымақтастық аясында АФ студенттеріне ірімшік жасау туралы дәрістер оқыды. Сондай-ақ, төртінші курстың 6 студенті үшін осы тақырыптағы дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшісі ретінде сөз сөйледі.

17.02.2021