Биік өнердің жан дауасы-поэзия

Музыка мен поэзия қай ғасырда болмасын адамның шындықты қабылдауын жақсартып, жоғарылатты. Бұл өнер түрлерінің өзектілігі әлі күнге дейін сақталуда. Бүгінде  қазақ халқының  ұлттық мәдениетін сақтау және танымал ету «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

«Орыс тілі мен әдебиет» және «Саз пәндері» кафедраларының оқытушылары, «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының ғылыми-әдістемелік бірлестігінің мүшелері «Поэзия добра и красоты»  (З.П. Табакова) және «Музыка Великой степи» (Л.В. Добровольская, Ж.А. Мухатаева) әдістемелік құралдарын әзірлеп онлайн режимінде таныстырды.

Студенттерге Солтүстік Қазақстан облысы ақындарының, композиторларының және музыкалық өнер орындаушыларының шығармашылығымен, Әл-Фарабидің музыкасы туралы трактатпен, ағымдағы жылы 175 жылдығы тойланып отырған Жамбыл Жабаевтың поэзиялық шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.

Презинтацияға Зинаида Табакова- «Орыс тілі мен әдебиет» кафедрасының профессоры, Ғалия Мұқанова-  Петропавл қ. №43 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі, Мнира Куспанова- Солүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Дуслык» татар-башқұр мәдени орталығының төраға орынбасары, студенттер мен оқытушылар қатысты. Тұсаукесер барысында жаһандану жағдайында қазақ мәдени мұрасын рухани тірек ретінде сақтау мәселелері талқыланып, жерлес ақындарымыздың өлеңдері оқылды, сондай-ақ қазақ халқының  музыкалық аспаптары көрсетілді.

15.02.2021