"М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ бос лауазымдарына орналасуына конкурс жариялау туралы

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Экономикалық жоспарлау және қаржы департаментінің директоры – Бас бухгалтер – декреттік демалыс кезеңіне

Лауазымға қойылатын талаптар «Есеп және аудит», «Қаржы» немесе «Экономика» мамандығы бойынша жоғары экономикалық немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, кәсіби бухгалтер сертификатының болуы және қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл болуы.

Лауазымдық міндеттері – Департаментке жалпы басшылықты жүзеге асыру, басқарушылық , статистикалық, қаржылық және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыру, қаржылық стратегияны, есеп және салық саясатын әзірлеу, үш жылдық кезеңге университеттің даму жоспарын, даму жоспарын орындау бойынша есепті, жылдық қаржылық есептілікті әзірлеу және түзетуді жүзеге асыру, қаржылық көрсеткіштерді есептеуді жүзеге асыру, қаржылық-шаруашылық қызметке талдау жүргізу, есепке алу және бақылау 1С: Кәсіпорын бағдарламалық қамтамасыз етудегі бухгалтерлік есептің өндірістік және талдау шоттарына кірістер мен шығыстарды бөлу, ЭССО бағдарламалық қамтамасыз етудегі көрсеткіштерді толтыру, ҚР БҒМ-ге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындалған жұмыстардың актілерін ұсыну, университет бюджетін жасау және басқа да міндеттер.

2. Ректор аппаратының басшысы.

Лауазымға қойылатын талаптар - Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, мемлекеттік тілді білу.

Лауазымдық міндеттері – Ректор аппаратының алдында тұрған міндеттерді шешу бөлігінде университет саясатын әзірлеуге қатысу, Ректор аппаратының қызметін оңтайландыру бойынша , оның ішінде стратегиялық, жедел және кадр мәселелері бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына шығару, университет қызметіне қатысты іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді үйлестіру, функциональдық бағынысты бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелердің қызметін бақылау, Ректор аппаратының қызметі мәселелері бойынша мәжілістерге, құрылымдық бөлімшелердің құрылымын, өкілеттіктерін және қызмет тәртібін және басқа да міндеттерді анықтау бойынша ұсыныстар енгізу.

3. Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.

Лауазымға қойылатын талаптар-Жоғары білім, мемлекеттік тілді білу.

Лауазымдық міндеттері – бөлімге тапсырылған университет құжаттарының сапалы және уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, кафедралар мен факультеттер жоспарының, бұйрықтардың, хаттамалық тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылау, еңбек тәртібін, оқу сабақтарына қатысуды бақылау, ресми іс-шараларды дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету, ақпараттық стенділерді жаңарту бойынша құрылымдық бөлімшелерді бақылау, дайындау сапасын, Басқарма Төрағасы-ректорға қол қоюға ұсынылатын құжаттардың мерзімдері мен ресімделуін бақылау, Ғылыми кеңестің, Директорлар кеңесінің және Басқарманың шешімдері мен тапсырмаларының орындалуын және басқа да міндеттерді бақылайды.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

3) өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі;

6) медициналық анықтамаү. 075 / у;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу жөніндегі мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

Бос лауазымдарға өтініш беру мерзімі хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет, телефон 8 (7152) 369468».

15.02.2021