«Кибер терроризм ХХІ ғасырдағы қауіп ретінде!»

8 ақпанда Агротехнологиялық факультетінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «Терроризм және Интернет» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерінің шақыруымен диалог алаңы өтті.

 Бұл оқиғалардың өзектілігі ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры болғандығына байланысты. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, бірыңғай виртуалды ақпараттық кеңістікті құру қауіпсіздікке жаңа қатерлердің пайда болуына әкеледі, мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарын экстремистік және террористік мақсатта пайдалану, кибертерроризм.

Кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері - Халимулин Марат Ермұханұлы - полиция майоры, бөлім бастығы және жедел уәкіл, полиция майоры Сыздықов Дархан Сәбитұлы қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты - жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу, әлеуметтік желідегі экстремизм мен терроризм проблемаларын тереңірек түсінуге үлес қосу және осы құбылысқа қатысты өздерінің азаматтық ұстанымдарын дамыту.

Кездесу барысында студенттер жастар арасында кибертерроризмді дамытудың негізгі себептері, қазіргі заманғы экстремизм мен терроризмнің формалары мен әдістері, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі жастар арасындағы терроризм көріністерімен күресу үшін қажетті шаралар анықталды.

Қонақтардың сөздері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, студенттер сұрақтар қойып, болашақта осындай кездесулер ұйымдастыру қажеттілігі туралы айтты.

13.02.2021