Қозыбаев университетінің студенттері «Цифрлық трансформация» халықаралық жобалар байқауының жеңімпаздары атанды

 «Қаржы және менеджмент» кафедрасы студенттерінің цифрландыру саласындағы білімге деген ұмтылысы оларды білім беру саласындағы «Цифрлық трансформация» атты халықаралық байқауына қатысуға итермеледі. Оны «Кәсіби ғылым» ҒҚҰ ұйымының Interclover жобасының тәуелсіз сарапшылары Нижний Новгород қаласында (Ресей) жыл сайын ұйымдастырады. Бұл жолы пандемияға байланысты байқау қашықтан өткізілді. Оған Ресей, Беларуссия және Қазақстаннан 25 адам қатысты.

Студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары мен сондай-ақ оқытушыларға арналған зияткерлік жарыс арнайы деңгейлер мен номинацияларға сәйкес құрылды.

Қатысушылар өздерінің жобаларын ғылыми тұрғысынан  бағыттайды. Атап айтсақ: цифрлық технологиялар, ақпараттық инфрақұрылым және қауіпсіздік, цифрлық білім беру ортасы, цифрлық экономика туралы ережелер және т.б. Байқау студенттеріміздің білім деңгейінің жоғары екендігін және әр түрлі елдердің университеттерінің студенттерімен тең дәрежеде бәсекеге түсуге дайын екендігін көрсетті.

3-курс студенті Алина Жалтурова  «Ғылыми-зерттеу инсайт» номинациясы бойынша 1 орын иеленді. Жеңіп алған жоба - «Digital дәуірдегі депозиттік база» деп аталады. Студент мұндай олимпиадаларға бірінші рет қатысып отырған жоқ, оқу үлгерімі мен  ғылымдағы жетістіктері үшін М.Қозыбаевтың жеке грантын алды.

Сонымен қатар, 1 орынды Яна Кузнецова да жеңіп алды. Бойжеткен бірінші курс студенті екендігіне қарамастан, ол «Білім беру жобалары» номинациясына қатысуға бел буды. Оның «Бірінші курс студентінің интерактивті картасы» сарапшыларды қызықтырғаны соншалық, олар бір ауыздан жеңісті Янаға тарту етті. Ол онлайн сабақтарды өткізбеуге жол бермейтін жоба жасады.

2 курс студенттері қатарынан Анастасия Амелина мен Егор Грозный «Ғылыми мақала» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломға ие болды. Олардың зерттеулері Қазақстан Республикасындағы цифрлық экономиканың қазіргі жағдайына арналған.

«Қаржы және менеджмент» кафедрасында жобаларды дайындау және студенттердің әртүрлі республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы «Аверс» және «Зияткер» студенттік ғылыми қоғамдарының шеңберінде жүзеге асырылады.

12.02.2021