«ЖОО үздік оқытушысы-2020»

«ЖОО үздік оқытушысы-2020» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Оқыту сапасы мен ғылыми – зерттеу қызметі бағаланды. Қазақстанның 73 жоғары оқу орнынан 600-ден астам үміткер қатысты. Көшбасшылар қатарына біздің әріптесіміз,  PhD докторы, «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының доценті Тоқтар Мұрат кірді. Ол өз қызметінің нәтижесін, кәсібилігін көрсете алды.

Бұл байқау дәстүрге айналды. Жылдан жылға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»  атағын біздің университеттің ПОҚ алатынына қуаныштымыз.

Жеңімпаздарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру үшін әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі

Агротехнологиялық факультет ұжымы Мұрат Тоқтарды жеңісімен құтықтаймыз, алдағы уақытта жетістіктеріңіз көп болып,биік белестерді бағындыра беріңіз! Осындай оқытушыларымызды әрдайым мақтан тұтамыз!

#KozybayevUniversity#KU

26.01.2021