Жаңа семестрдің басталуы

25 қаңтардан бастап Қозыбаев университеті өз білім алушылары үшін есігін айқара ашпақ. Бұл ретте бірінші курс студенттері (1400-ден астам адам) жаңа семестрде сабақты партада отырып оқиды. Оларды оқыту аралас түрінде жүргізіледі. Бұл дегеніміз, дәрістер мен бұрынғыдай онлайн, ал семинарлық, қолданбалы сипаттағы практикалық және зертханалық сабақтар дәстүрлі форматта қалады дегенді білдіреді.

Әрине, бетперде режимі ескеріліп, аудиториялардың толымдылығы 40% - дан аспайды және басқа да эпидемияға қарсы талаптар сақталады. Бүгінде біздің университет осы талаптарға толық дайын. Әр түрлі топтағы студенттер бір-бірімен кездеспеуі үшін арнайы ауыспалы кесте қарастырылған. Аудиториядағы әлеуметтік қашықтық көрші партаның артында отырғандар арасында кемінде екі метрді, ал зертханаларда бір адамға 5 шаршы метрді құрайды. Барлық ғимараттар дезинфекциялық дәліздермен, санитайзерлермен жабдықталған.

Бұдан басқа, дене шынықтыру, өнер, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы, қызметтер, денсаулық сақтау бағыттары бойынша бакалавриаттың 2 және 3 курс студенттері аралас форматта айналысатын болады.  Қалған білім алушылар төртінші курстарды есепке алмағанда, қашықтықтан сабақтарын оқиды. Олардың диплом алды және кәсіптік практикалары даярлық бағытына байланысты онлайн немесе дәстүрлі түрде өтеді.

1 курс магистранттарының көктемгі семестрде оқуы мамандығына байланысты аралас түрінде немесе қашықтықтан ұйымдастырылады. Ал магистратураның бітіруші курстары мен барлық докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары дәстүрлі форматта жүргізілетін болады.

Жатақханалар санитарлық-эпидемиологиялық режимге сәйкес студенттерді 50% толықтырумен қабылдайтын болады. 
Көктемгі семестрді ұйымдастыру туралы барлық ақпаратты университеттің веб-сайтынан, call-орталықтан және виртуалды қабылдау бөлімінен таба аласыздар.
Біз сіздерді оқу ордамызда асыға күтеміз!

15.01.2021