ҚР Парламенті Сенаторы Ольга Перепечина мен Мәжілісінің депутаты Петр Шарапаевтың Қозыбаев университетіне сапары

Ольга Перепечинаның біздің университетке келуі алғаш емес, сондықтан Сенатор оқу ордамыздың даму динамикасын салыстыра алады. Ең алдымен ол, 11 қабатты оқу-зертханалық корпустың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жоба 2018-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына кіреді және "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша іске асырылуда. Нысан біздің көз алдымызда жанданып келеді. Қадалар орнатылып, 1 қабат тұрғызылды. Корпусты 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ольга Перепечина құрылыс науқанының өкілдерінен құрылыстың аяқталу мерзімі жайлы сұрады. Қалай дегенмен, білім алушылар контингентін 10 мыңға дейін арттыру жоспарланғандықтан, бұл  жағдайда студенттер заманауи зертханаларға мұқтаж болмақ. Өз кезегінде, құрылысшылар да уақытында жүзеге асады, деп сендіруде."Жалпы ауданы 18 мың шаршы метрден асатын жаңа кешенде инженерия және цифрлық технологиялар, көлік, энергетика, радиотехника және медицина бойынша 73 зертхана орналасады",- деп Басқарма Төрағасының- ректордың м.а Ербол Исақаев хабарлады. Мұнда біздің өңір үшін өзекті: Агрономия, машина жасау, Big Data, IT және т. б. бойынша зерттеулер жүргізілетін болады.

Депутаттарды басқа қалалардан келген балалардың тұрғын үй қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған басқа да құрылыс объектілері-жатақханалар қызықтырды. Бұл бағытта да жұмыстар қарқынды жүргізілуде: 244 және 306 орындық 2 ғимарат салынуда. Ал оқу зертханалық корпусы жанында тағы бір жайлы студенттер үйі орналасады.

Сондай-ақ, бұл күні Ольга Перепечина мен Петр Шарапаев оқу аудиторияларды, агротехнологиялық факультеттің, сондай-ақ жоғары медицина мектебінің зертханаларын қарап шықты. Жоғары оқу орнының жоспарлы жаңғыртылуын атап өтті: білім алушылар контингентін 7,5 мың адамға дейін ұлғайту, материалдық-техникалық базаны жаңарту, ПОҚ мен қызметкерлердің еңбекақысының өсуі қарастырылмақ.

06.01.2021