"Педагогты көшбасшы ретінде оқыту және кәсіби дамыту стратегиясы» тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылы біздің университет "Көшбасшылық саласында құзыреттілікті дамыту және мұғалімдерді даярлау /DeSTT" халықаралық жобасына қосылды. Оның мақсаттары мен міндеттері туралы жоба үйлестірушісі, ПФ деканы Арайлым Магзумова айтып берді. Бұл кейс көшбасшылық саласындағы педагогтарды оқыту мен олардың біліктілігін арттыруды анағұрлым тиімді етуге, олардың жергілікті қоғамдастықпен барынша өзара іс-қимыл жасауына, инновациялық әдістерді енгізуге бағытталған. Ол 3 жылға есептелген және Еуропалық Одақтың Erasmus + бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.  Бүгінгі таңда DeSTT жобасының консорциумына Еуропа, Ресей, Қазақстан және Моңғолия елдерінің 11 университеті кіреді. Қозыбаев университетінде оны жүзеге асырудың маңызды кезеңі көшбасшылықты дамыту білім беру орталығының ашылуы болды.

Қозыбаев университетінде "Педагогты көшбасшы ретінде оқыту және кәсіби дамыту стратегиясы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда Серік Өмірбаев "Педагогтың көшбасшылығы: білім беру ұйымдарында көшбасшылық рөлінің болуы немесе болмауы", сондай-ақ "Педагогтың көшбасшылық қасиеттері: түсінігі, құрылымы, модельдері" атты екі прогрессивті тақырыпты ұсынды. Көшбасшылық принципі кез-келген қызмет саласында, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде өзекті және өзіне сенімділік, өткір және икемді ақыл, құзыреттілік, күшті ерік, адамдардың психологиясының ерекшеліктерін түсіну қабілеті, ұйымдастырушылық сынды қабілеттерді қамтиды. Біз қайда және кіммен жұмыс жасайтынымызға қарамастан, адамдармен ортақ тіл таба білу, стресске төзімді болу, жүйелі ойлау, мәселелерді шешу, эмоцияларды басқару өте маңызды. Soft skills- бұл әмбебаптығымен сипатталатын көп мақсатты дағдылар. Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, бүгінде көшбасшылық жұмыс берушілер тарапынан ерекше бағаланады.

Шара соңында онлайн семинарға қатысушылар айтылған тақырып бойынша сұрақ қойып алмасты.

05.01.2021