Студентка Kozybayev University заняла первое место в конкурсе «Жылдың үздік студенті»

"Менеджмент" ББ бірінші курс студенті Сабина Баркитова "Қазақстан 2020: Болашаққа жол" бағдарламасы аясында "Bilim-orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми - зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясы өткізген "Жылдың үздік студенті" республикалық байқауына қатысты. 400-ден астам қатысушы ғылым, өнер, спорт саласындағы өз жетістіктерін ұсынды.

Қабылдау ҚР колледждері мен жоғары оқу орындарының 1 курс табысты студенттері қатарынан жүзеге асырылды, олардың 9,10,11 сыныптардағы жетістіктері ескерілді. Басымдықта-халықаралық, республикалық және өңірлік олимпиадалардың, конференциялардың, орындаушылық конкурстардың жүлдегерлері; жастар қоғамдық қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Үміткерлердің ішінен "Жылдың үздік студенті" халықаралық түрлі-түсті жинағына енгізілген топ-100 таңдалды. Сондай-ақ оларға "Жылдың үздік студенті" арнайы төсбелгісі мен I, II, III дәрежелі дипломдар табыс етілді.

Сабина Бакирова жоба жеңімпаздарының қатарына кірді және I дәрежелі дипломмен марапатталды! Құттықтаймыз!

 

31.12.2020