Жыл соңында үздіктер марапатталды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қозыбаев университеті басшылығы жылды қорытындылап, оқу орнынының дамуына ерекше үлес қосып, кәсіби қырынан үздік деп танылған бірқатар қызметкерлерді,көрнекті ғалымдарды, ардагер ұстаздарды, ғылыми-зерттеу институттары мен факультет,  кафедралардағы білікті мамандарды арнайы марапаттады.Салтанатты рәсімде өткен марапаттау шарасын Басқарма Төрағасының - Ректордың м.а Ербол Исақаев құттықтау сөзбен ашып, айрықша табыстарға жеткен әріптестерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жоспарлармен бөлісті: жаңа оқу-зертханалық корпус пен жатақханалар салу, жаңа білім беру бағдарламаларының ашылуы, студенттер контингентін арттыру, білім беру қызметтерінің сапасы мен университеттің тартымдылығын арттыру.

ҚР Білім беру жүйесін дамытуға және жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін жоғары оқу орнының 15 педагогы мен қызметкерлері ҚР БҒМ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Дінмұхаммед Шайкин қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастырудағы және әдістемелік қамтамасыз етудегі жетістіктері үшін ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының алғыс хатымен марапатталды.

Біз өз кезегімізде баршаңызды Жаңа 2021 жылмен құттықтай отыра, денсаулық пен сәттілік тілейміз!

30.12.2020