Университеттің білім беру бағдарламалары АРТА сарапшыларымен аккредиттелген

Желтоқсан айының басында Қозыбаев университетінде аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс жүргізді. ЖОО-ның 30 білім беру бағдарламасы тексеруден өтті (оның 11 -і алғаш рет, 19-ы-қайта).

АРТА Аккредиттеу Кеңесі отырысының нәтижелері бойынша ЖОО-ның 3 ББ (7 жыл мерзімге) және 16 ББ (5 жылға) аккредиттелген. Халықаралық алғашқы мамандандырылған аккредиттеуден 9 ББ (5 жыл мерзімге) және 2 ББ(3 жыл мерзімге) өтті.

Осылайша, Kozybayev University тәуелсіз халықаралық сараптама рәсімінен сәтті өтті. ПОҚ және білім алушылар ұжымын осы жоғары көрсеткішпен құттықтаймыз!

30.12.2020